Шахматтан әлемнің төрт дүркін чемпионы Динара Сәдуақасова бүгін Мәжіліс депутаттарына қарсы ойын өткізді.
Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен шараға еліміздің ғана емес, Армения, Қырғызстан мен Молдова елдерінің халық қалаулылары да қатысты. Жалпы жарысты өткізу үшін шахматқа қызығушылығы бар 18 депутат іріктеліп алынған. Қаз-қатар тізілген олардың әрқайсымен Динара Сәдуақасова бір мезетте ойын өткізді. Сөйтіп, екі сағатқа созылған сайыста төрт мәжілісмен халықаралық гроссмейстермен тең ойнап, қалғаны ұтылды.
Досжан МАРАТҰЛЫ