Сирия мәселесі бойынша Астана процесінің кезекті 14-раунды аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирия мәселесі бойынша Астана процесінің кезекті 14-раунды аяқталды

11.12.2019

«Астана процесінің Сириядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіру ісіндегі рөлі артып келеді». Бүгін елордада өткен 14-раунд қорытындылаған мәлімдемені жария еткен Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев осылай деді. Иран, Ресей және Түркия Астана процесінің кепілгері ретінде Сирия Араб Республикасының егемендігі, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын құрметтейтіні жария болды. Сирияның тұрақтылықты бұзуға және көрші елдердің қауіпсіздігіне қауіп төндіруге бағытталған сепаратистік жоспарларға қарсы тұруға дайын екендіктерін білдірді. Израильдің қарулы шабуылдарын халықаралық құқық пен халықаралық гуманитарлық заңдарды бұзуын, тұрақтылық пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін айыптады. Тараптар Сирияның солтүстік-шығысындағы жағдайды талқылады және осы аймақта ұзақ мерзімді тұрақтылық пен қауіпсіздікке елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау негізінде ғана қол жеткізуге болатындығына келістік.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу