Жасөспірім онлайн ойын үшін әкесіне пышақ сұғып алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жасөспірім онлайн ойын үшін әкесіне пышақ сұғып алған

12.12.2019
Жасөспірім онлайн ойын үшін әкесіне пышақ сұғып алған

7 желтоқсанда Суратхани қаласында жасөспірім онлайн ойында үзіліс жасауды сұраған әкесінің арқасына пышақ салған. Әкесі 51 жастағы Ануват Чойбэнгдью ауруханаға жеткізілген, бірақ біршама уақыт өткеннен кейін көз жұмды. 

Жасөспірім қылмыс орнынан мотоциклмен қашып кеткен. Полиция оны жақын маңдағы интернет кафеден тауып, кісі өліміне күдікті ретінде тұтқынға алған. Қылмыскердің туыстары түнімен компьютер ойнайтынын, ал күндіз ұйықтайтынын айтты. Сабақты көп жібергені үшін оны мектептен қуып жіберген. Баланы қолға түсіргенде, ол видеоойындар ойнап отырған. Тәтесінің айтуынша, жасөспірімнің әкесін баласының ойынға қызығушылығы алаңдатып, оны жөнге салғысы келген.

Полиция жасөспірімнің сұрақтарға жауап беруден бас тартқанын айтты. 

Lenta.ru


Хабарламаларға жазылу