Тәуелсіздіктен асқан құндылық жоқ, оны қадірлеу - баршамыздың қасиетті борышымыз. Ақордада бірқатар азаматқа мемлекеттік наградаларды тапсыру барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.
«Тәуелсіздік - ұлтымыздың баға жетпес байлығы. Тұңғыш рет халқымыз өз тағдырына ие болды. Бүгінде азаматтарымыз өзінің және мемлекетіміздің болашағына нық сеніммен қарайды. Еліміз сан қилы тарих зұлматтарын өткеріп, еңсесін тіктеді. Әлем қоғамдастығына нық қадам басты. Тәуелсіздік алдындағы демографиялық дағдарысты еңсеріп, қазір 18,5 миллионнан астық. Мемлекетіміздің даму бағдарын өзіміз айқындау мүмкіндігін алдық. Тәуелсіздік күні - бүкіл халқымызға ортақ тәубенің тойы, мәртебенің мерекесі. Тәуелсіздіктен асқан құндылық жоқ. Оны қадірлеу баршамыздың қасиетті борышымыз», - деді Президент.
inform.kz