Президент мемлекеттік наградаларды табыстау салтанатында баспана мәселесіне баса назар аударылатынын айтты.
«Биыл аз қамтылған 4 мың отбасы жылдық 2 пайыздық мөлшерлемемен «Бақытты отбасы«» бағдарламасының арқасында қоныс тойын тойлады. Әрине, бұл жеткіліксіз. Қазір өзін-өзі жұбататын уақыт емес. Баспанаға қатысты жағдайда түбегейлі өзгерту керек. Бұл мәселе біздің басты назарымызда болады. Баспанамен қамту - бұл мемлекеттің әлеуметтік саясатының басымдығы. Сондықтан жақын арада қосымша шаралар қолданылатын болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Үкімет «Бақытты отбасы» бағдарламасын барлық кезекте тұрғандарға қолдану мәселесін пысықтап жатыр.
«Мен Үкіметке 2020 жылға дейін бұл бағдарламаны кеңейтуге тапсырма бердім. Басқа сөзбен айтар болсақ, біздің азаматтармыздың баспанамен қамтамасыз етілу проблемасына бірінші кезекте назар аударылады. Меніңше, бұл жұмыстардың ауылы алыс емес», - деді Қазақстан Президенті.