Ұлыбританияда өткен сайлауда Борис Джонсон бастаған партия жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда өткен сайлауда Борис Джонсон бастаған партия жеңді

13.12.2019
Ұлыбританияда өткен сайлауда Борис Джонсон бастаған партия жеңді

Ұлыбританияда өткен кезектен тыс сайлауда Премьер-министр Борис Джонсон басқаратын консервативті партия жеңіске жетті. 

Exit-poll нәтижелері бойынша, 12 желтоқсанда өткен сайлауда 650 орынның 368-ін консервативті партия иеленді. 

Партияның басты қарсыласы Джереми Корбин бастаған лейбористер 191 мандат, либеральді-демократиялық партия 13 мандат, Шотланд ұлттық партиясы 55 дауыс, Уэльс партиясы 3, Жасылдар 1 дауыс алды. Болжам бойынша парламентке тағы 19 тәуелсіз депутат кіруі мүмкін. 

BBC news

Хабарламаларға жазылу