ЕуроОдақ елдерінің көшбасшылары Ресейге қатысты санкцияны ұзарту туралы шешім қабылдады.
Брюссельде өткен саммитте тағы да 6 айға ұзартылды. Сакция мерзімі 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін созылады.
АҚШ, ЕуроОдақ елдері мен Украина 2014 жылы референдум нәтижесінде Қырым Ресейге өткеннен кейін экономикалық санкция жариялаған еді.
Алғашында Қырымға қатысты басталған дау Донбасс мәселесіне қатысты одан әрі ушықты. Сакцияға жауап ретінде Ресей аталмыш мемлекеттерден тауар сатып алуға тыйым салды.
ЕуроОдақ мемлекеттерінің санкциясы тұрақты түрде 6 айға ұзартылып отыр. Соңғы рет шілде айында созылған. Сондай-ақ, Қырым мәселесіне қатысты санкция 1 жылға жарияланған. Шектеу тауар импортына, Қырымға инвестиция құюға, туристік сфераға, сондай-ақ, тауарлар мен жергілікті технология экспортына қатысты.
tass.ru