Жапонияда артық сағат жұмыс істеуге қарсы күрес басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда артық сағат жұмыс істеуге қарсы күрес басталды

24.02.2017
Ол үшін бүгін «Сыйақылы жұма» бағдарламасы іске қосылды.

Жапония үкіметі қызметкерлеріне белгіленген сағттан артық жұмыс істететін компаниялармен күрес жүргізе бастады. Ол үшін бүгін «Сыйақылы жұма» бағдарламасы іске қосылды.

Оған сәйкес, әр айдың соңғы жұмасында қызметкерлерін сағат 15:00-ке дейін үйіне жіберген фирмаларға мыңдаған йен ақша төленеді. Министрлер кабинетінің ойынша, мұндай науқанның нәтижесінде тұрғындардың бос уақыты көбейеді, халық саны өседі, еңбек өнімділігі артады.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу