2020 жылы студенттердің шәкіртақылары 25 пайызға өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылы студенттердің шәкіртақылары 25 пайызға өседі

15.12.2019

Жастар демекші, аптада Президент «Жастар жылы» қорытындыланған жиынға барды.  

Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың назарын жаңа перспективаларға, жас буынның әлемдегі алдыңғы қатарлы университеттерде білім алу мүмкіндіктеріне аударды. Жетекші технологиялық компанияларда жұмыс істеуге, өз жобаларын озық ғылыми орталықтарда жүзеге асыруға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы Волонтер жылының міндеттері туралы айта келіп, бірнеше негізгі бағытқа назар аударуды ұсынды.

«Сабақтастық» жобасы аясында еріктілер балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлықтарына ала алады. «Саулық» бағыты бойынша медициналық волонтерлік дамиды, олар ауырған адамдарға жәрдем көрсетеді. «Таза әлем» жобасы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. «Асыл Мұра» бағыты еріктілерді мәдени-тарихи мұраларды сақтау жұмыстарына тартады. «Қамқор» бастамасы қарттар үйіндегі еріктілер жұмысын қамтамасыз етеді. «Білім» жобасы ауыл мектептеріндегі жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау жұмыстарына, ағылшын тілін үйретіп, компьютерлік сауаттылықты жетілдіруге көмектеседі. «Үміт» жобасы бойынша еріктілер Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығы аясында отандастарымыздың ерлігін баяндайтын құжаттарды іздестірумен айналысады.

Президент волонтерлікті ұлттық масштабта ғана емес, әрбір қала мен ауылда дамыту керек деп санайды. Сонымен қатар ұжымдық волонтерлікті өркендетуге мемлекеттік аппаратты да, ұлттық және ірі компанияларды да атсалысуға шақырды.

Елімізде қимылы шектеулі 700 мың адам бар. Биыл мысалы, бюджеттен 34 миллиард теңге бөлінген. Сонымен бірге мәселе тек қаржыландыруда емес. Егер оларға аптасына 2 сағат көңіл бөлсе, еңбекке жарамды әрбір азаматтің әлеуметтік ерікті жұмысқа жылына бар-жоғы 10 сағаты кетеді екен.

 Осы жиында шәкіртақының тым аздығы, фальш дипломдар туралы да айтылды.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу