Талдықорған маңында 2016 жылы авиациялық апат болып, ұшақ жарамсыз болып қалады. Әуе машинасын «Еңбек» және «Мойнақ» ауылдарының үстіне құлатпай алып өтсе де, ұшқыш Әділбек Ысқақов кінәлі болып табылып, сотталады. Дегенмен қоғамдық резонанс туып, қорғаныс министрі болған ұшқыш М.Алтынбаев, ғарышкер Т.Әубәкіров сияқты азаматтар араласып, оның жазасы шартты жазаға ауыстырылады. Ал жақында Қорғаныс министрімен кездеседі... Ақыры қызметіне оралып жатыр.
Бұл оқиғаға тоқталғанымыз - ұшқыштың «қанатының» қайырылмағаны. 3 жыл ұшпаса да, кәсіби машығынан айырылмағаны. Ең бастысы – рухының сынбағаны. Танк сияқты жапырып өтетін бюрократтық машинаның астында қалса да.
Ақерке БЕКТАС