Парламент жанында қақтығыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламент жанында қақтығыс болды

18.12.2019

Киевте демонстранттардың парламент жанында лагерь құру әрекеті полициямен қақтығысқа ұласты. Тұрғындар жер реформасына қарсылық білдіріп жатыр. Айтуларынша, бұл туралы заң қабылданып кетсе, егістік алқаптарын сатуға жол ашылады. Және де жерді 2024 жылдан бастап шетелдіктер де иелене ала алады.

Заң жақтастарының сөзінше, егін мен бидайға инвестиция қажет. Ал, қарсы жақтың ойынша, жер олигархтар мен шетелдікдің қолына өтетіне болса, фермерлер шаруашылығынан айрылуы мүмкін.

Жоғарғы Рада депутаттары даулы заңды бейсенбі күн дауысқа салайын деп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу