Жетінші «Алтын адам» алғаш рет таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетінші «Алтын адам» алғаш рет таныстырылды

18.12.2019

Қазақ даласынан табылған жетінші «Алтын адам» көрмеге қойылды. Ол Есік қорғанынан қазылып алынған «Алтын адамнан» да көне. Екеуінің арасында 3 ғасыр айырмашылық бар. Бірақ екеуі де сол күйі сақталған, алтын бұйымдары бүлінбеген, тоналмаған.

Бұл «Алтын адам» біздің заманымызға дейінгі 7-8-ғасырға жатады. Шамамен 17-18 жастағы бозбала. Бекзада немесе ханзада болуы мүмкін. Киімі, қаруы, әшекейлері әлеуметтік статусы жоғары, жас болса да беделді жігіт екенін айқындайды.

Қорамсағы, алтын қынды қанжары, мойнындағы үлкен алқасы мәйіттің жанына қойылған. Ал киімдері мен өзге әшекейлерін обаның солтүстік жағына шетке жасырып көмген. Сақ дәуіріндегі шеберлердің алтын бұйымдарды жасау технологиясы таң қалдырады. Зергерлер алтын моншақтарды тесіп, киімдерді көмкерген. «Елеке сазы» әлі тың дерекке толы. Сондықтан зерттеу жұмыстарын жалғастыру керек.

Есіктен табылған «Алтын адам» әлем елдерін аралап, қазақтың қайталанбас сәндік қолданбалы өнерін, дала өркениетін, қала мәдениетін паш етті. Енді шетелдіктерді Тарбағатай төрінен табылған жетінші алтын киімді адам таң қалдырмақ.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу