Алматыда
соңғы бес жылда болған 60-тан астам өрттің
11-і пиротехникалық заттардан шыққан.
Сондықтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тез тұтанғыш отшашуларды дұрыс пайдаланып, сақтану жолдарын жеткізді. Десек те, жаңа жыл қарсаңында пиротехниканы сатып алатындар саны бұрынғыға қарағанда, азайып келеді. Алайда, оны пайдалану кезінде тұтынушылардың көбісі қауіпсіздік шараларына мән бермейді.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ