Шығыс
Қазақстан облысында шағын және орта
кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнесін
бастағандардың бірі Тарбағатай ауданының
тұрғыны – Нұрбану Батхолдина. Ол
мемлекеттік бағдарлама бойынша төмен
пайызбен несие алып, Қызыл Кесік ауылында
шағын наубайхана ашты.
Қазір 2 ауылдасын жұмыспен қамтып отыр. Жалпы, елді мекен облыс орталығынан алыс, сондықтан нан өнімдерін өзге жақтан тасымалдау тұрғындарға қиынға соғатын. Іскер жанның айтуынша, қазір бизнестің кез-келген түрімен айналысуға мүмкіндік мол. Бұл ретте мемлекеттік бағдарламалар бойынша берілетін несиелердің де көмегі көп, тек ерінбей еңбек ету керек.
Берік КӨШЕРБАЙ