Тәуелсіздіктің төл құрдастары түрлі салада еңбек етуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздіктің төл құрдастары түрлі салада еңбек етуде

19.12.2019

Тәуелсіздік құрдастары. Олар  бүгінде сан салада, түрлі қызметте. Аяғына нық тұрған азаматтар. Бар білімі мен күш-қуатын ел игілігі үшін арнаған.

Ұстаздықты таңдаған Дана Исаева қазір Көкшетаудағы мектептердің бірінде бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек жолын 2010 жылы бастаған ол қазір ұжымында сыйлы әріптес, оқушыларына сүйікті ұстаз. Балалардың білім теңізіндегі алғашқы бағыт-бағдар берушісі.

Ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген жастың бірі Айғаным Байжанова. Бала кезінен дәрігер болуды армандаған ол қазір Көкшетау қалалық емханасында хирург.

Тәуелсіздік жылдары ел экономикасы еселеп өсті. Көкшетаудағы «Тыныс» зауыты да дамыған кәсіпорындардың қатарында. Қаладағы ең ірі өндіріс ошағында жастар көп. Саян Боташев зауыттағы цехтардың бірінде еңбек етеді. Жас та болса, жұмысына - жауапты, ұжымына - қадірлі. 

Осылайша, Тәуелсіздіктің төл құрдастары түрлі салада еңбек етуде. 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

 

Хабарламаларға жазылу