Мемлекеттік қызметкерлерге жасалатын «сыйлықтар» саны азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметкерлерге жасалатын «сыйлықтар» саны азайған

20.12.2019

Ақмола облысының тұрғыны мемлекеттік қызметкерге «шаруамды тезірек шешіп бер» деп 2 мың теңге сыйлағаны үшін 353 мың теңге айыппұл арқалады.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері айтты. Олардың сөзінше соңғы уақытта мемлекеттік қызметкерлерге жасалатын «сыйлықтар» саны азайған. Бірақ, толық тиылмай тұр. Мәселен, биыл осыған қатысты 27 әкімшілік құқық-бұзушылық хаттама толтырылып, азаматтарға жалпы сомасы 10 миллион теңге айыппұл салынған. Айта кетейік, егер сыйлықтың құны 5 мың теңгеден аз болса, сыйлық берушіге 500 мың, алушыға 1 жарым миллион теңге айыппұл көзделген. Ал, құны 5 мың теңгеден жоғары сыйлық «пара» деп саналып, екі тарап та қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Аманкелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу