Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі тәжірибеге енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі тәжірибеге енді

20.12.2019

Қазақстанда алғашқы болып Қарағанды облысы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін тәжірибеге енгізді. Соның нәтижесінде үш айда қымбат диагностикалық зерттеулерді пайдалану 3 есе, оңалту көмегіне қолжетімділік 1 жарым есе, кеңес беру қызметіне жүгіну 2 жарым есе артты. 30 жоба жүзеге асырылды. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек айтты. Жалпы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгеріс көп. Биыл 8 өндіріс орны іске қосылды. 32 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу