А.Саин интернаттан қашып кеткен жасөспірімге қатысты жағдайды өз бақылауына алмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Саин интернаттан қашып кеткен жасөспірімге қатысты жағдайды өз бақылауына алмақ

20.12.2019

«Кешір анашым! Бұл менің соңғы сөзім». Алматыда «Әлімжеттік көргеніме ешкім сенбейді» деп соңғы хатын қалдырып, үшті-күйлі жоғалған 15 жасар Дамир Серікұлы әлі күнге дейін табылған жоқ. «Ал баласының интернат ғимаратынан қашып кетуіне білім ордасының қызметкерлері мен психолог кінәлі»,- дейді анасы Айгүл Оралбаева. Қазір Дамирды еріктілер, интернат қызметкерлері мен полицейлер қаланың әр аумағынан іздестіріп жатыр. Алайда, әзірге еш нәтиже жоқ. Сонымен қатар із-түссіз жоғалған баланы қоғам белсендісі Аружан Саин да тезірек оралуға шақырды.

Айгүл Оралбаева, Дамир Серікұлының анасы:

«Кешір мені! Мен сені жақсы көремін! Мен өйтіп істегім келмеді»,- делінген хатта. «Маған ешкім сенбейді»,- дейді. Біліп тұр ғой... Ішінен директор да жақсы біледі, бұл жағдайды,  мұғалімдер де жақсы біледі. Оның жүрегіне қатты тиген полиция қызметкері.

Аружан Саин, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл:

Бұл балалар үшін өте жаман үлгі. Себебі олар мұндай жағдайларды ғаламтор мен бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп жатады. Олардың үлкендерге деген сенімі жоғалады. Ересектер зардап шеккен адамды емес, керісінше, сол қысымды көрсеткен жақты қолдайды деп ойлайды. Балалар дәл сол сияқты «өтірік алдайды» деп кінәлайды, «жақын адамдары туралы жағымсыз пікірлер айтады» деп әділдікке сенуден қалады. Тіптен, ересектердің өзі осындай қысымға шыдамағанда, балалар туралы айтпаса да болады.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТ

 

Хабарламаларға жазылу