2020 жылдың қаңтарынан бастап әлеуметтік-еңбек мәселелеріне қатысты кеңес алудың бірыңғай байланыс орталығы жаңа нөмір бойынша жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Азаматтарға әлеуметтік және еңбек мәселелері бойынша консультация беретін 1411 бірыңғай байланыс орталығы 2020 жылдың қаңтарынан бастап іске қосылады. Бұл ретте «111 жедел қызмет» байланыс орталығы жабылады.
Енді зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру, еңбек қатынастары және жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер порталы бойынша кеңес алу үшін 1411 нөміріне қоңырау шалу қажет.