Еуразиялық экономикалық Одақ елдері арасында келесі жылдан бастап ортақ роуминг іске қосылады. Мәскеуде одақтастықтың бес жылдығы қорытындыланды. Алқалы жиында айтылған жаңалықтардың бірі осы. Яғни азаматтар қай елде жүрсе де, қолжетімді интернетке және ұялы байланысқа қол жеткізе алады, баға бірдей болмақ. Мәселен, қазір Ресейде Қазақстан азаматтары роуминг қолдану үшін кем дегенде күніне 4,5 мың теңге жұмсайды. Енді баға теңестіріледі.
«Санкт-Петербургтегі саммит одақтың жұмысын жандандыра түсері сөзсіз»,-дейді сарапшылар. Жалпы одақтың пайдасы орасан. Тек биылдың өзінде отызға жуық кедергінің көзі жойылды. Экономикалық пайда 70 млн долларға жетті. Келер жылы бұл көрсеткішті 100 миллион долларға жеткізу мақсаты бар.
Индира БЕГАЙДАР