Алиментті енді ата-әжесі төлеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алиментті енді ата-әжесі төлеуі мүмкін

23.12.2019

Алименттен жалтарғандардың қарызы енді оның ата-анасынан өндірілуі мүмкін. Әділет министрі Марат Бекетаев осындай ұсыныстың бар екенін айтты. Мұндай тәсіл алимент өндіру бойынша әлемдік тәжірибені зерттеу кезінде Италияда бар екені анықталған. Оның үстіне борышкердің ата-анасы бала үшін бөтен емес – атасы мен әжесі. Министрдің айтуы бойынша бұл бастама қазақстанда енгізілсе, көкек әкелердің берешегін біршама қысқартар еді. Қазір еліміз бойынша 14 мыңнан астам адамның өз баласы алдында қарызы бар.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу