Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді. «Демалыс күндері: - 2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден 2020 жылғы 3 қаңтар жұмаға; - 2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға; - 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден 2020 жылғы 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылсын», - делінген қаулы мәтінінде.
Қаулыға сәйкес, қазақстандықтар 1, 2, 3, 4 қаңтарда демалып, 5 қаңтар күні жұмысқа шығатын болады.