Біртуар тұлға туралы көпшілік біле бермейтін қызықты деректерді назарларыңызға ұсынамыз.
1. Бала кездегі лақап аты «Шаңтимес» болған.
2. Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, бастауыш сыныптарға сабақ берген, банк экономисі қызметін атқарған, ат үстінде қылышпен өнер көрсетудің шебері болды. Соғыстан келген соң жазумен, шығармашылықпен айналысқан.
3. 22 жасында әскери қызметті қатардағы жауынгерден бастап, дивизия командирі дәрежесіне дейін көтерілген.
4. ІІ Дүниежүзілік соғыс уақытында дивизия басқарған үш-ақ қазақ болды. Солардың бірі – Бауыржан Момышұлы.
5. Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа кірген.
6. Қысты күнгі аязда да терезені ашып ұйықтайтын, қолғап кимейтін болған.
7. Бауыржан Момышұлы 1962 жылы Фидель Кастроның шақыруымен Куба еліне барды. Кейін 1963 жылы тағы бірнеше мәрте шақыртумен арнайы сапармен барып қайтты. Бір айта кетерлігі, Куба елінің саяси күрескері Ф. Кастро түрмеде жатқан кезінде Момышұлының кітаптарын оқып, көзқарастарының нығаюына ықпал еткенін айтады.
8. Соғыстан кейін Қорғаныс комиссариатына (қазіргіше министрлік) басшылықтан ойы болған. Бірақ елдегі науқаншылдық оған жол бермеді. Тіпті ректор Өмірбек Жолдасбеков Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасына жұмысқа алмақ болады. Алайда оған да қарсылық болған деседі.