1200-ден астам адам жұмыс барысында зардап шеккен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1200-ден астам адам жұмыс барысында зардап шеккен

24.12.2019

Елімізде жыл басынан бері 1200-ден астам адам жұмыс барысында зардап шеккен. Өкінішке қарай оның 148-і қаза тапты. Еңбек нарығындағы жағдай туралы баяндаған Кәсіподақтар федерациясының төрағасы осындай деректерді келтірді. Ералы Тоғжановтың айтуынша, бұл өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда аз. Яғни, кәсіпорындардағы қайғылы жағдай азайып келеді дейді ол. Есесіне еңбек дауы артқан. Мәселен, соңғы үш айдың өзінде еліміз бойынша 20-ға жуық компанияның жұмысшылары жанжал шығарып, наразылықтарын білдірген. Оған негізінен төмен жалақы, басшылықтың жұмысшылар талабын ескермеуі себеп болыпты. Осылайша федерацияға жыл бойы 7 мыңнан астам шағым түскен. 

ДОСЖАН Маратұлы


Хабарламаларға жазылу