Елімізде интернет алаяқтық бойынша биыл 7 мыңға жуық іс тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде интернет алаяқтық бойынша биыл 7 мыңға жуық іс тіркелді

24.12.2019

Оның тек мыңнан астамы ашылған. Көбісі әлеуметтік желілер мен сайттар арқылы арзан бағаға көлік немесе жылжымайтын мүлік сатып аламыз деп сан соғып қалыпты. Адамдардың сеніміне кіру үшін алаяқтар белгілі брендтердің атынан сайт ашып алудан тайынбайды. Сосын қызығушылық танытқан сатып алушыдан тауарға алдын ала төлем талап етеді. Банк картасының мәліметтерін біліп алған соң шотындағы қаражатын жымқырады. Мұндай қылмыс еліміздегі үш мегополисте өршіп тұр. Шетелде отырып қазақстандық азаматтардың қалтасын қаққан алаяқтар да көбейіп барады. Биылдың өзінде 100-ден аса жағдай тіркелген. Сондай-ақ мамандар жеке куәлік пен банк карталарын WhatsApp арқылы жолдамауға шақырады.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу