Батуттан қайтыс болған бала өліміне кінәлі азаматтарға сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батуттан қайтыс болған бала өліміне кінәлі азаматтарға сот үкімі шықты

24.12.2019

Қарағандыда батуттан аударылып қаза болған бала өліміне кінәлі ерлі-зайыптыларға сот үкім шығарды. Судья Ерлан Тәкішевті 5 жылға бас бостандығынан айырды. Ал оның әйелі балаларының кенжесі 14 жасқа толған соң, 4 жылын темір тордың арғы жағында өткізеді. Бұған қоса олар зардап шеккен барлық отбасыға жалпы сомасы 8,5 миллион теңге моральдық шығын өтейді. Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында орталық саябақтағы батут күшті желдің кесірінен аударылып, оқиға орнында 12 жасар Борис Рудаков қайтыс болған еді. Тағы үш бала жарақат алған-ды. Сот ерлі-зайыптылардың кінәсіне қатысты барлық дәлелдерді алға тартты. Олар батутты ешқандай рұқсат құжатынсыз саябақ ішіне орнатқан. Қайғылы жағдай болған күні батуттың 26 бекіткішінің тек 10 ғана байлаулы болған. Айта кету керек, Ерлан Тәкішев бұрын Абай қаласында өрт сөндіру бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу