Судың да сұрауы бар. Көкшетауда бірнеше пәтер орталықтандырылған су жүйесінен ағытылды. Мамандар қарызды өндіріп алу үшін амалсыз осындай қадамға баруға мәжбүр. Себебі шаһардағы жеке және заңды тұлғалардың жалпы берешегі 140 миллион теңгеге жуық. Осы айда 86 пәтерге су берілмеді. Ал мұның арқасында барлығы қарыздарын өтеген.
Ермек Елберген