Жомарт жандар науқастарға мерекелік көңіл-күй сыйлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жомарт жандар науқастарға мерекелік көңіл-күй сыйлады

26.12.2019

Бұл - қарапайым аурухана емес, паллиативтік көмек көрсетілетін орталық. Бұл жерде адамдардың тәні емес, жаны емделеді. Өйткені мұндағы науқастарға «емдеуге келмейді» деген кесім жасалған. Санаулы күндері қалған сырқаттар заң бойынша ауруханада қала алмайды. Алайда ауруы дендеген жандар ерекше күтімді қажет етеді. Міне, осындай екі ортада қалған науқастар үшін елордада жазда арнайы орталық ашылған еді. 

Жаңа жыл қарсаңында да жаны жайсаң адамдар осы орталыққа барып, науқастардың көңіл-күйін көтеріп қайтқан. Әзірге орталық мемлекеттік тапсырыстың арқасында жұмыс істеп жатыр. Бірақ келешекте демеушілердің көмегін қажетсінуі мүмкін. Сондықтан игі істі жалғастырып, сіз де көмектесе аласыз. 

Альбина Әшім

Хабарламаларға жазылу