Топырақ құнарын жоғалтып, бидай сапасы төмендеп барады. Мамандар Қостанай облысында осындай жағдай қалыптасып отырғанын айтады.
Мысалы, былтыр жиналған астықтың жартысынан астамы 4-ші, 5-ші класқа жатқызылды. Яғни, басым бөлігі ұн тартуға жарамсыз. Элиталық астық тұқымын өндірумен Тобыл өңірінде төрт бірдей шаруашылық айналысады. Оларда қазір 49 мың тонна сапалы тұқым бар.
Биыл мемлекет элита сепкендерге субсидия беру жөнінде шешім қабылдаса да, шаруалар жоғары сұрыпты дәнді алуға асығар емес.
Дәуренбек ӘБДІБЕК