Биылғы жылдың 11 айында Алматы облысына 520 млрд теңгеден астам қаржы тартылды. Оның 20 пайызы - шетелдік инвестиция. Облыс аумағында трансұлттық компаниялардың қатысуымен 8 жоба жүзеге асырылып жатыр. Ірілі-ұсақты 25 кәсіпорын іске қосылып, мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылды. Аграрлық саладан индустриялық бағытқа бет бұрған Жетісу өңірінің өнеркәсіптік әлеуетін тілшіміз Қуаныш Қанатұлы шолып көрді.