Бельгияда кенгуруге қасқыр шабуылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда кенгуруге қасқыр шабуылдады

26.12.2019
Бельгияда кенгуруге қасқыр шабуылдады

Оқиға сәрсенбіге қараған түні Баленде (Антверпен) болды. Шабуылға ұшыраған кенгуру қожайынының үйінің жанындағы бақта тұрған.

Landschap өкілі Ян Лос кенгуруге шабуыл жасаған қасқыр екеніне сенімді. «Баққа кіріп, кенгуруды сүйреді», - деді ол басылымға берген сұхбатында. Бұл August есімді аймақта аты танылған қасқыр болуы мүмкін. Немесе аймақта жаңа қасқыр пайда болуы мүмкін.  

Landschap эксперттерінің және «Welkom Wolf» («Қош келдіңіз,қасқыр») компаниясы өкілдері шабуылды August есімді сейсенбі күні коммуна аумағына шабуылдаған қасқыр жасаған деген ойда. Натуралистердің байқауларына сәйкес, соңғы бірнеше апта ішінде жыртқыш жергілікті фермерлерге тиесілі бірнеше қойға да шабуылдаған.

Шабуыл жасалған жерден ДНК үлгілері алынып, қасқырлар шабуылдағанын растау үшін Табиғатты және ормандарды зерттеу институтына тапсырылды.

LE SOIR.be


Хабарламаларға жазылу