Сирия ресейлік компаниялармен бірге Жерорта теңізіндегі мұнай және газ кен орындарын іздеуді бастады, деп мәлімдеді Сирия президентінің кеңесшісі Бусейн Шаабан. Ол бұл туралы ливандық al-Мауadeen-ге берген сұхбатында айтты.
Сұхбатында Шаабан геологиялық барлауға қатыса бастаған нақты ресейлік компанияларды атаған жоқ. Агенттіктің хабарлауынша, 2013 жылғы 25 желтоқсанда Сирияның Мұнай және минералды ресурстар министрлігі Ресейдің «Союзнефтегаз» компаниясымен Сирияның аумақтық суларындағы №2 теңіз блогында мұнай мен газды зерттеу және барлау жұмыстарын жүргізу туралы келісімшартқа қол қойды. «Союзнефтегаздың» Сирия жағалауындағы 2190 шаршы шақырым жердегі № 2 теңіз блогында геологиялық барлау мен сынау бұрғылау жұмыстарына салған инвестициясы шамамен 90 миллион долларды құрайды.
Сирия қайраңындағы №2 блок Тартус пен Банияс қалаларының арасында орналасқан, оның ұзындығы жағалау бойымен 30 шақырым және жағалау сызығынан 70 шақырым жерде, жалпы ауданы 2190 шаршы шақырымға жуық.
Бұған дейін компания Сириядағы жобаларға қатысқан болатын. Осылайша, 2004 жылы «Союзнефтегаз» 12, 14-барлау блоктарына лицензия алды. Нәтижесінде қызмет 12-блокта шоғырландырылды. Атап айтқанда, көмірсутектерді іздеу, барлау және өндіру үшін ӨБК-ге қол қойылды, екі барлау ұңғымасы бұрғыланды, алайда 12-блокта коммерциялық көмірсутек қорлары әлі ашылған жоқ.
ria.ru