Филиппиннің орталығына «Урсула» тайфуны жойқын соққы беріп, кемінде 10 адамды мерт қылды. Сағатына 190 шақырым жылдамдықпен жеткен дауылдан бірнеше аралда лай көшіп, ағаштар тамырымен жұлынып, электр сымдары үзіліп, сан мың адам жарықсыз қалды. Және де Рождество мерекесіне орай үйлеріне аттанған он мыңдаған адам порттарда қалды. Ал, «Франс-пресс» агенттігі Филиппинде тайфуннан 16 тұрғынның қаза тапқанын хабарлап отыр.
Арыстан РЫСБЕК