Бас прокуратураның әзірлеген заң жобасы бүгін Сенатта екі оқылымда да мақұлданды. Сондай-ақ зорлық-зомбылық, мал ұрлығы, мас күйінде көлік жүргізу сияқты заң бұзушылықтар үшін жаза қатаңдатылады. Одан бөлек педагог мәртебесі туралы заң жобасы жоғары палатаның жалпы отырысында мақұлданып, Президентке қол қоюға жіберілді. Ал, мұғалімдерді міндетінен тыс жұмыстарға тарту туралы бір-біріне кереғар тармақтар мүлдем алынып тасталды. Осылайша ұстаздар қауымын оқушыға білім беруден басқа жұмысқа мәжбүрлеуге заңмен тыйым салынды. Отырыс соңында Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева жылды қорытындылап, биыл атқарылған және алдағы жұмыстарға шолу жасап шықты.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ