«ForteBank»-тен 400 мың теңге несие алған Ақтөбе қаласының тұрғыны Toyota Camry 70 ұтып алды. Бұл - банктің осы жылы ұтысқа тіккен 30 көлігінің 29-шысы. Кредит алып, күтпеген жерден олжаға кенелген жеңімпаз бүгін Нұр-Сұлтанға келіп, су жаңа темір тұлпарын тізгіндеп қайтты.
Банк аталған акцияны келесі жылы да жалғастыруды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта машинадан басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылмақ.
Аманкелді Сейітхан