Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік тұрғыда қолдау мәселесі талқыланды. Оған мүдделі мемлекеттік орган өкілдері мен қоғамдық ұйым жетекшілері қатысты.
Жаңа жылдан бастап мүгедектігі бар тұлғаларды қолдаудың бірнеше бағыты іске асады. Соның бірі сауықтыру емдеу шаралары. Мәселен, 2020 жылдан бастап санаторилық-курорттық емделу мерзімі 14 күннен кем болмауы тиіс. Сонымен қатар жаңа жылдан бастап жеке көмекшілердің қызметтері әлеуметтік қызметтері порталына ауыстырылмақ.
Айта кетейік, елімізде мүгедектігі бар азаматтарды қолдаудың ұлттық жоспары жүзеге асырылуда.
Ербол Мәндібек