Мамандар жарты жылдан бері ауруды анықтай алмай келеді. Тамыз айында Қарақия ауданындағы малдан шыққан жұқпалы дерт бүгінде бүкіл өңірге тарап үлгерген. Осы кезге дейін 1 мыңнан астам түйе ауырған. Алайда мамандар мал шығыны жоқ деп отыр.
Аурудың белгілері барлық түйеде бірдей. Малдың ауыз қуысы, ерні мен мұрны қабынып, жем-шөп түгілі су ішуден қалады. Қазір мамандар зертханаға жіберген бірнеше сынаманың нәтижесін күтіп отыр.
Аягөз Оралбайқызы