Ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты

27.12.2019

Мемлекет басшысы твиттердегі парақшасында: «Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады», - деп жазды.

Аманкелді Сейтхан   

Хабарламаларға жазылу