Fokker-100 ұшағының ұшуына уақытша тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Fokker-100 ұшағының ұшуына уақытша тыйым салынды

27.12.2019

Ал осы жантүршігерлік апаттан кейін елімізде Fokker-100 ұшағының ұшуына уақытша тыйым салынды: Өйткені, арнайы құрылған комиссия мен тергеушілер тобы дәл осы ұшақ түрімен болған оқиғаға не себеп болғанын анықтауы тиіс. Оның үстіне бұл Fokker-100 әуе кемесімен болған алғашқы келеңсіз жағдай емес. Үш жыл бұрын Бек эйр әуе компаниясына тиесілі осындай ұшақтың алдыңғы шассиі шықпай қалғаны есте. Сөйтіп бір сағат бойы әуеде қалықтап, ақыры көбік төгілген алаңға қонған еді. Абырой болғанда ол кезде жолаушылар аман қалған еді. 

Досжан МАРАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу