Роман Скляр ұшақ апатының мән-жайын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Роман Скляр ұшақ апатының мән-жайын айтты

27.12.2019

Жолаушылардың өмірін жалмаған ұшақ апатына ұшқыштың қателігі немесе техникалық ақау себеп болуы мүмкін. Алматы әуежайында шұғыл баспасөз жиынын өткізген Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр бүгін оқыс оқиғаның қалай болғанын айтып берді. 

«Десе де мұның бәрі әзірге алдын ала болжам. Fokker 100 ұшағының құлауына не себеп екенін техникалық комиссия анықтауы тиіс. Қазір бұл бағытта жан-жақты жұмыс жүріп жатыр», - дейді Р.Скляр.

Сондай-ақ, жапа шеккендер мен қаза тапқан жолаушылардың отбасына Үкіметтен көмек көрсетілетінін жеткізді. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу