Ұшақ экипажы диспетчер қызметкерінен ұшуға рұқсат сұрайды. Ережеге сай, пультте отырған маман әуе кемесіне ұшуға рұқсат береді. Арадағы әңгіме барысында тараптар бір-біріне сәтті күн тілеп, аспанға көтеріліп кетеді. Алайда көп уақыт өтпей радардан жоғалып кеткен ұшақты іздеген диспетчер дабыл қаққаны үнтаспада естіледі.