Алматыда болған ұшақ апатынан Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы үлкен бір әулет қара жамылды. Қызбел ауылының тумасы Абай Нұрбеков осы ұшаққа төрт баласымен, әйелімен бірге отырған. Апат кезінде отағасы қаза тапты. Балалары мен жұбайы ауыр жараланып, ауруханаға жеткізілген.
Абай Нұрбеков 1999 жылы мектепті тәмамдаған соң Алматыдағы байланыс және энергетика институтына оқуға түскен. Кейін осы салада табысты еңбек етіп, басшылық қызмет атқарған. Сөйтіп Алматы қаласында тұрақтап қалыпты. Тірі болғанда 3 қаңтарда 38 жасқа толар еді.
Дәуренбек Әбдібек