Fokker-100 ұшақтары осыған дейін 17 рет апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Fokker-100 ұшақтары осыған дейін 17 рет апатқа ұшырады

27.12.2019

Еуропалықтар 1993 жылы орын алған қайғылы оқиғаны әлі ұмыта қойған жоқ. Македониядан Цюрихке бағыт алған Fokker-100 ұшағы Скопье әуежайынан биікке көтерілген бойда жерге құлаған. 83 адамның өмірін жалмаған апаттан кейін еуропалық әуе компаниялар ұшақтың бұл маркасынан бас тарта бастады. Қазір қарт құрлықтың бірлі-жарым әуе компаниясынан басқалары Fokker-100-ді пайдаланбайды. 

Негізі 1997 банкроттың кесірінен ұшақтың бұл түрін шығару тоқтатылған. Ескі ұшақтарды жиі пайдалатындар қатарында Мексика, Австралия, Иран мен Қазақстанның Bek Air компаниясы бар.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу