Алматыдағы әуе апатының себептері қазір анықталып жатыр. Бүгін Президенттің тапсырмасымен құрылған Үкіметтік комиссия оқиға орнына жетті. Комиссия төрағасы - Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр. Бүгін ол апатқа қатысты алғашқы алдына ала болжамдармен бөлісті. Ол бортта болғандардың ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын, оларға көмек көрсетілетінін ескертті.
Ербол Мәндібек