Апаттан әуе кемесінің командирі қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Апаттан әуе кемесінің командирі қаза тапты

27.12.2019

Апатқа ұшыраған ұшақты басқарған команда жайлы ақпарат. Өкінішке қарай, қаза тапқандар арасында әуе кемесінің капитаны Марат Мұратбаев та бар. 1961 жылы туған Марат Ғаниұлы - тәжірибелі ұшқыш. Оның капитандығын растайтын куәлік 2024 жылдың 26 сәуіріне дейін жарамды. 

Екінші пилоттың есімі - Мейіржан Молдақұлов. 54 жастағы пилот № 4 ауруханаға жеткізілген. Ұшқыштың миы шайқалған. Сол жақ беті мен шүйде тұсы жыртылған. Кеуде тұсы ауыр соққы алған. 

Ал, бортсеріктер - Валиулина, Сахов, Османовтар. Әзірге бортсеріктер туралы өзге ақпарат жарияланған жоқ. 

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу