BBC агенттігі комментарий алған әуе қауіпсіздігін тексеруші Дэвид Гливтің пікірін назарларыңызға ұсынамыз. Ол ұшақтың берік болғанына назар аударған. Айтуынша, ұшақ ескі саналғанымен, сапалы жасалғандықтан да, күл-талқаны шықпады. «Күтімі дұрыс болса, барлық жөндеу жұмыстары уақытында жүргізіліп отырса, ол әлі де ұзақ қызмет ете берер еді», деген Глив.
Бүкіл саладағы сияқты авиация саласында да проблема көп. Оны сеземіз, бірақ аспандағы дүние болғасын ба, маман аз болғасын ба, өкшемізді көтерсек те, ешнәрсе көрінбейді. Әмірова «ақ қарға» болған деген ой беки түседі. Шын мәнінде «Bek Air»-ге жұрт жетіскеннен алмайтын, билеттері арзандау болғасын ұшатын. Бұл да дұрысына қолжетімсіздіктен туған сұраныс етін.
Тағы бір мәселе - әуежайлардың маңы толған ғимарат, үй.
Ұшақ құлаған Гүлдала жән Әлмерек ауылдарының ортасындағы 150 гектар жер телімінің ауыл шаруашылығына тиесілі жер болған. Алайда онда кез-келген шаруашылық жүргізуге болмайтыны заңда көрсетілген. Құстар үймелемеуі үшін. Олардың ұшақтарға кедергі екені белгілі. Тұрғын үй, басқа да ғимарат салуға да тыйым салынған.
Алайда жердің иесі өндірістік қойма салады, сөйтіп жердің пайдалану мақсатын өзгертуге кіріседі, ол үшін аудандық мәслихаттың депутатына ұсыныс тастайды-мыс. Одан әрі үйлер салына бастайды. Әрі қарай ресми хатталмаған оқиғалар жалғасады. Осы мәселені тиісті органдар тексеріп береді деп үміттенемін.