Маусымда Арыста жарылыс болып, хабар тарағанда, бейнежазбаларды көріп, ел үрпиісіп қалды. Қайғырмаған адам жоқ.
Дегенмен халықтың рухы сынбайды. Халық жұмылып жұдырық болды. Президент істеуі керекті істеді – күрсінген азаматтарға барып, биліктің міндеттерін міндетті түрде орындайтынын айтты. Арыста құрылыс басталды.
Трагедиялық сәтте бір сурет тарады: егде жастағы әйелді фургонға мінгізбек болып, арқасын тосқан құтқарушының суреті. «Риза бол, халқым, балаңа, Арқасын тосқан анаға!», - деп жазды желідегілер. Кейін үлкен кісіге көмектесу үшін арқасын тосқан жігіттің ТЖК лейтенанты Бексұлтан Ибадулла екені анықталды. Бұл - көп сөздің орнына қоя қоятын фотосурет.
Арыс қаласында оқ-дәрі қоймалары бір күні жарылатыны баяғыдан айтылатын деген ауанда материалды уақытында жасадық. Тұрғындардың қазіргі тіршілігі жайлы Гүлжазира Ғалиқызының репортажы.