ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр қара жәшікте жазылып қалған ақпараттар қашан жарияланатынын мәлімдеді.
«Ол қатты бүлінбеген. Сондықтан ондағы жазбалардың мән-жайын тарқатуда мәселе туындамайтындығына үміт артамыз. Мемлекетаралық авиация комитетіндегілер мереке күндері де жұмыс істеп, тарқатылған мән-жайды бізге табыстауға уәде беріп отыр. Бұған дейін айтқанымыздай, 10 қаңтарға дейін тексерудің алдын ала нәтижесін беретін боламыз», - деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
inform.kz