Украина әскері мен ресейшіл сепаратистер барлық тұтқындарды алмастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина әскері мен ресейшіл сепаратистер барлық тұтқындарды алмастырды

30.12.2019

Украина әскері мен ресейшіл сепаратистер барлық тұтқындарды алмастырып, бейбітшілікке маңызды қадам жасады. Донбасстағы көтерілісшілер қолынан босатылған адамдарды президент Владимир Зеленский қарсы алып, қошемет білдірді. «Ең бастысы олар Жаңа жылға дейін үйлеріне жетті», - дейді мемлекет басшысы. 

Соғысушы тараптар қолдарындағы тұтқындарды Донецк облысының Горловка қаласында бір-біріне тапсырды. 

Украина армиясы мен сепаратистер арасындағы әскери жанжал 2014 жылы басталып, содан бері 13 мыңнан астам адам қаза тапты. Дегенмен, екі жақ бірер жыл бұрын ымыра жарияласа да, елдің шығысында атыс әлі біржол тоқтаған жоқ.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу