Келер жылдағы төлем жүргізу тәртібі жайлы баяндаған Қостанай қаласы әкімдігінің өкілдері осылай дейді. Себебі мемлекет қаржысы жұмысқа қабілеті бола тұра еңбек еткісі келмейтіндерге емес, шын мұқтаждарға берілуі тиіс. Биыл Қостанай қаласында 3318 отбасы жәрдемақы алып отырған. Оның 400-ден астамы көпбалалылар. Алдағы жылы құжаттар қаңтардан бастап алфавиттік кесте бойынша қабылданады. Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бұл жұмысқа қосымша мамандар тартылған.
Дәуренбек ӘБДІБЕК